Жалақы мәселесі. Атырауда жұмысшылар ереуілге шықты

2107
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Атырау облысында жұмысшылар ереуілге шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Мақат ауданында Қашаған кен орнында құрылысшылар ереуілге шығып, жалақыны көтеруді талап еткен.

BBJ Group компаниясының ереуілге шыққан 50-ге жуық жұмысшысына директордың орынбасары жауап берді. Ол қызметкерлерінің талабын орындаудан бас тартып, жұмысты тоқтатып тастаған.

«Ереуілді тоқтату, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін оқиға орнына аудан әкімдігінің, аудандық прокуратура қызметкерлері және «Қазақ құрылыс тобы» жобалық басқару тобының жетекшісі келді. Келіссөздер барысында тараптар Мақат ауданының әкімдігі BBJ GROUP компаниясының басшылығы мен қызметкерлері үшін келіссөздер ұйымдастыратыны туралы өзара шешімге келді», - деп хабарлады Мақат ауданының әкімдігі.

Аталмыш газ өңдеу зауыты Атырау қаласынан 60 шақырым жерде «Болашақ» кешенді мұнай өңдеу зауытының жанынан салынуда.

Пікірлер