"Жан-жағына алаңдап отыр". Балабақшада тәрбиеші балаға қол көтерген (ВИДЕО)

2361
Adyrna.kz Telegram
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Атыраудағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы ұрып жіберді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін орталықта тәрбиеші балаға қол көтерген видеосы желіде тарап кетті.

Бейнежазбада тапсырма орындап отырған балақай жан-жағына алаңдаған. Сол әрекеті үшін оқытушыдан шапалақ алған.

Бұл оқиға Атыраудағы "Дара-Инклу" жекеменшік балабақшасында болғаны анықталып отыр. Бейнежазбаны балабақша қызметкерлерінің өздері сабақ өту кезін көрсету ретінде түсіріп, ата-аналар тобына жолдап жіберген.

Баланың ата-анасы қызметкердің үстінен арызданған.

“Атырау қалалық полиция департамент аталған факті бойынша тергеу басталғанын, басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні хабарлайды”, – деді қалалық полиция департаменті.

Қалалық білім бөлімі де оқиғаның қатаң бақылауда екенін хабарлады.

“Тексеру қорытындысы бойынша заңға сәйкес тәртіптік шаралар қолданылады”, – делінген хабарламада.

Пікірлер