7 көлік соғысты. Қарағанды облысында ірі жол апаты болды

2185
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/0e512ace-eef7-4480-bb9d-c654816e7045.jpeg
Қарағанды облысында 7 автокөлік соғысып,  ірі жол апаты болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақпаратқа сәйкес, оқиға 2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.   Зардап шеккендер жоқ. «Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев. Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауларын сұрайды.
Comments