Жапонияның орталығында бірнеше күшті жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы елдің ұлттық метеорологиялық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, Исикава және Ниигата префектуралары аймағында магнитудасы 7,4-ке жететін жер сілкінісі болды.
Қазіргі кезде құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Алайда елдің бүкіл батыс жағалауында цунами қаупі жарияланды – толқын биіктігі 5 метрге жетуі мүмкін.
Жергілікті тұрғындарды дереу жағалау аймағын тастап кетуге немесе ғимараттардың шатырына шығуға шақырып жатыр.
Сонымен бірге, осы сәтте республика бойынша күшті жер сілкінісі туралы ескерту жүйесі үшінші рет іске қосылды. Жергілікті тұрғындарды жерасты дүмпуіне дайындалуға шақырды.