Солтүстік Корея қанатты зымырандарды ұшырды

1713
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-28-at-14.44.25.jpeg
Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай бірнеше қанатты зымыранды ұшырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Bloomberg-ке сілтеп. Әскери зымырандар жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-де ұшырылған. Ал Оңтүстік Кореяның әскери күші күзеттің "күшейгенін" айтады.
«Биылғы жылдың басынан бері біздің республикаға қарсы ядролық соғыс жаттығулары жоғары қарқынмен жалғасып келеді. Біз Солтүстік Кореяның қосымша белгілері мен әрекеттерін бақылауды жалғастырамыз», — деді Оңтүстік Кореяның Штаб бастықтары комитеті мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Корея Шығыс теңіз аймағында Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапонияның бірлескен жаттығуларына жауап ретінде «Хэиль-5-23» су астындағы ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді.
Пікірлер