Бішкектегі бас алаңда Қырғызстанның жаңартылған туы көтерілді. Бұл туралы Sputnik Кыргызстан жазды, деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстанда жаңа ту ілінген кезде ескі туға да ұқыптылықпен қарау талаптары күшінде болатынын атап өткен. Ол мемлекеттік рәмізді өзгерту оның жеке бастамасы екенін де айтты.
«Жұмыс сапарының аясында 30-ға жуық елде болдым. Шетелдік делегаттармен кездесулерде менен бес рет ту туралы сұраған шығар. Олар: "Сіздің республикаңыздың басымдығы неде? Сіздер ауылшаруашылыққа басымдық беретін елсіздер ме?" дейді», - деді Қырғызстан президенті.
Еске салсақ, желтоқсан айында Садыр Жапаров ел туын жақсарту мақсатында қабылданған «Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Тудағы күн сәулесінің пішіні өзгерген еді.