Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бір отбасыны ажалдан арашалаған Марина Гафарованың шаңырағында болды. Маринаның көзсіз ерлігінің арқасында кәмелет жасына толмаған алты бала өрттен аман қалып, қаһармандығына ел тәнті болған еді.
Қала әкімі қауіп-қатерге қарамастан өзгенің өмірін құтқарған ерлігіне алғысын жеткізіп, Марина Гафароваға баспана жағынан қолдау көрсетуге уәде берді. Жақын арада шымкенттік батыр келіншекке демеушілердің көмегімен жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден 4 бөлмелі пәтердің кілті табысталатын болады.
«Адырна» ұлттық порталы