Жамбыл облысында 538 млн теңгеге салынған су ғимараты істен шықты

2319
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылында 538 млн теңгеге салынған су ғимараты істен шықты. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметке сүйенсек, ауыл тұрғындары екі жылдан бері нысанның игілігін көре алмай келеді. Станцияның құбырынан сарылдап су ағудың орнына лай-батпақ шығып жатыр. Жұмысы тоқтаған станция, әкімдік есебінде қолданыста деп көрсетіліпті.

Ауылға су күнара трактормен тасымалданады. Жергілікті билік өкілдері геологиялық барлау жұмысының сапасыз жүргізілгендігін мойындап отыр. Енді компанияны сотқа бермек. Ал ауызсу стансасына келер көктемде жөндеу жүргізіледі деп сендірді.

«Бұл жерде геологиялық зерттеу жүргізгенде осы жердің суы тәтті деп берген. О баста, сол қателік болып артынан осыған тірелді. Барлау кезінде қателік кезінде. Тәтті деген соң салынған», - дейді Қылышбай ауылының әкімі Бәкір Исабеков.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер