Жамбыл облысында мектеп қызметкері ағаштан құлап қаза тапты

1296
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Жамбыл облысындағы ауыл мектебінде 51 жастағы жұмысшы ағаштан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментіне оқиғаға байланысты тексеру жүргізу туралы қаулы мен хат жіберілді.

"Ауыл мектебінде 51 жастағы жұмысшының өліміне байланысты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі “Еңбекті қорғау ережелерін бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 21 желтоқсанда Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде мұғалім Қуат Айтқали биіктен құлап, ауыр жарақат алған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер