Қазақстанда бензин мен дизельді экспорттауға тыйым салу уақыты ұзартылуы мүмкін

1440
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда бензин мен дизель отынының экспортына тыйым салу мерзімі ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жаңа тыйым келесі жылдың 14 ақпанында күшіне енеді деп күтілуде. Тыйым салу мерзімі 6 ай. Тиісті бұйрықтың жобасы қоғамдық талқылау үшін «Нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланды  Бұйрық жобасы бір күн бұрын, яғни 4 желтоқсанда сайтта жарияланған, қоғамдық талқылау 19 желтоқсанда аяқталады.

Еске салайық, биылғы жылдың тамыз айында Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салыну уақыты тағы да ұзартылған болатын. Одан кейін ҚР Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығы күшіне енді. Тыйым салу уақыты 6 айға енгізілді.

Айта кетейік, жанар-жағармай экспортына салынған тыйымның ұзартылуы бірінші рет емес. Бұл тыйым безнин мен дизельдік отын бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін енгізілді, деп баса айтты Энергетика министрлігі. Ведомство ішкі нарықта тұрақты ұсынысты сақтау және жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне қарсы тұру үшін бұл тыйымды ұзартуға болатынын атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер