Қазіргі уақытта Қазақстанда 8 мыңнан аса медициналық маман жетіспейді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20-30% артып отыр. Бұл – медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда өте үлкен маңызға ие. Алайда салада медициналық кадрдың тапшылығы бар. Біздің мәлімет бойынша денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса кадр тапшы. Бұл тенденция соңғы жылдары байқалып отыр. Оның саны артып та келеді. Кадрларды сақтап, оларға жағдай жасау бойынша бірқатар ұсыныс болды, - деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ, ол осы мәселені шеу үшін денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды.
Медицина мамандығына кадр тарту үшін қосымша қандай іс-әрекет жасауға, қандай заңға өзгеріс енгізіп, қандай норма қабылдауға болады деген мәселелерді қарау керек. Себебі медицина кадрларының жетіспеушілігі – өте өзекті проблема. Соңғы жылдары қарқынды өсу болған жоқ. Қазір нақты шешім қабылдауды қажет ететін жағдай туындап отыр. Оларды әзірлеп, Үкіметпен бірлесіп іске асырамыз, - деді сенат төрағасы.
Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласында JCI стандарты бойынша қызмет көрсету оң жолға қойылды
"Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес". Президент бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан МӘМС жүйесін сынады