"Қытай тәрізді аз күнде аурухана тұрғызатын хәліміз де жоқ"

3604
Adyrna.kz Telegram
WUHAN, Feb. 2, 2020  Aerial photo taken on Feb. 2, 2020 shows the Huoshenshan (Fire God Mountain) Hospital in Wuhan, central China's Hubei Province. China has built a makeshift hospital in 10 days to battle against the novel strain of coronavirus in Wuhan, the epicenter of the virus outbreak in central China's Hubei Province. .   Huoshenshan (Fire God Mountain) Hospital was delivered Sunday in Wuhan. It is dedicated to treating patients infected with the virus. (Credit Image: © Xiao Yijiu/Xinhua via ZUMA Wire)

Қытай қалай дегенде де біздің құдай қосқан көршіміз, іргемізді аулақ салып көшіп те кете алмаймыз. Сондықтан аждаһаның тынысына құлақ түріп, қимылын бағып, соған сәйкес өз тірлігіміздің бағытын түзеп, қорғанатын тұста қапысын жібермеуіміз қажет.
Қарап отырсақ соңғы 10-15 жылдың жүзінде осы елден тарайтын ауру қатары көбейген екен. Құс тұмауы, шошқа тұмау, енді міне, коронавирус. Көңіліңе түрлі күмәнді ойлар ұялайды екен. Әсіресе бұл, қытаймен көрші жатқан моңғол, қазақ, қырғыз сынды саны аз халықтардың қауіпсіздігіне зор қатер. Еренқабырғаның аржағындағылар үшін аурудан миллион жоғалтса да дым етпес, ал біздер үшін оның үлкен қауіп екені рас.
Осы вирустардың қайта-қайта шабуылға шығуы біздерге бір ғылымға аса ыжаһатты көңіл бөліп, оның дамуы мен зерттеулер жүргізуіне, мамандар даярлап шығуына қомақты қаражат бөлу керектігі сынды үлкен проблеманы жалаңаштап берді. Ол-вирусология!
Шыны керек, құдай жар болсын тіпті біздің зертханаларымыздың өзі вирустың бар жоғын жедел анықтай алатын күйде емес екен. Қытай тәрізді аз күнде аурухана тұрғызатын хәліміз де жоқ, ендеше әлі де алда болуы ықтимал жұқпалы аурулардың алдын алу үшін осы саланың қарқынды дамуын ойластыру керек.
Неге көрші ел вирусты аурулардың қайта-қайта ошағына айнала береді деген күмәнді ой әлем жұртшылығын да ойландыруы тиіс тәрізді. Қалай дегенде де ықтимал қатерлердің алдын алмаса болмайды!

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ

Пікірлер