Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
«Барикалық түзілімдердің жылдам өзгеруі республиканың солтүстік жартысында ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі», - делінген хабарламада.
Солтүстікте ауа температурасы түнде +3+10-дан -5+3-ке дейін, күндіз +10+18-ден 0+8-ге дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстік жартысында кең ауқымды антициклоннан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -3+5 градус жылы, күндіз +10+17-ден +15+20-ға дейін шамалы көтеріледі.
Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі.