Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

1004
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына орай, қазір Ақмола облысында жолдар жабылып жатыр, Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚО филиалы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, 2024 жылғы 11 қазанда сағат 19:30-дан бастап, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Шектеу шаралары мына автожолдар учаскесінде іске асырылып отыр:

  • А-1 «Астана-Петропавл» жолының 341-367-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);
  • А-13 «Көкшетау-Омбы» жолының 50-54-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалово ауылына дейін);
  • Р-11 «Көкшетау-Рузаевка» жолының 61-91-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).
Пікірлер