Найзағай мен аптап ыстық. Бүгін қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді?

1131
Adyrna.kz Telegram

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, республиканың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі «Республикада желдің күшеюі күтілуде, түнде және таңертең республиканың солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі», - делінген хабарламада.

Күндіз Атырау мен Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болжамы сақталады.

«Маңғыстау облысында, солтүстікте, Атырау облысының орталығында, солтүстікте, оңтүстікте, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында шектен тыс шығыста жоғары өрт қаупі бар.  Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және орталықта Ұлытау облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде және Атырау облысының оңтсүтік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады», — делінген хабарламада.

Астанада көшпелі бұлт ауады, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13, күндіз +25+27.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +29+31.

Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +19+21, күндіз +34+36.

Пікірлер