Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

122
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6ZJFPkBj1glSEuGqFUVfWAmSKf6vaffkiLmBJZzR.webp

Бүгін, 16 тамызда Қазақстанның бес қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді, деп хабарлайды "Адырна".

"16 тамызда Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Пікірлер