"Қан мен тердің" ғасыры. Халық жазушысының туғанына - 99 жыл

5529
Adyrna.kz Telegram

Бүгін жазушы, "Қан мен тер" трилогиясының авторы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 99 жыл толды.

Әбдіжәміл Нұрпейісов - 1924 жылы 22 қазан күні Қызылорда облысында өмірге келген. Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Жазушы әдебиеттегі жолын мектеп қабырғасынан бастаған. 10-сыныпты оқып, повесть жазуға бел буған. Әскерден қайта оралғаннан кейін автордың жазғандарының бәрі жоғалған.

Автордың "Курляндия" романы 1946 жылы желтоқсанда әскерден кейін жазылған. Тырнақалды кітабы үшін ол Жамбыл атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанған еді.

XX ғасыр қазақ әдебиетіне мол сыбаға қосқан суреткерлердің бірі – Әбдіжәміл Нұрпейісов. Оның "Қан мен тер" трилогиясынан өзге де шығармалары отыз шақты шетел тіліне аударылып, әдебиетті күллі дүниеге танытты.

Өкінішке орай қазақ қоғамы орны толмас қазаға ұшырап, Әбдіжәміл Нұрпейісов 2022 жылы 5 ақпанда дүниеден озды.  Қазақстанның халық жазушысы, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 98 жасқа қараған шағында өмірден өткен.

Пікірлер