Президент сапары. Қарабақта Әзербайжан туы желбіреді

1501
Adyrna.kz Telegram

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ханкенди қаласында елдің туын көтерді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Азаттық радиосына" сілтеме жасап. 

Әзербайжан басшысы 15 қазанда Таулы Қарабақ аумағына келді. Ильхам Хейдарұлы аймақтағы Суговушан су қоймасын пайдалануға беру рәсіміне қатысты.

Қожалы қаласында, Шушин ауданының Малыбейлі ауылында, Кяркиджахан және Аскеран кенттерінде болып, Ходжала, Агдере және Қарабақтың басқа елді мекендерінде Әзербайжан туларын көтерді.

Осылайша, Әзербайжан Қарабақтың толық егемендігін қалпына келтірді.

Халықаралық құқық бойынша Қарабақ Әзербайжанның бір бөлігі болып саналады. Аймақ халқы негізінен армяндар болған.

19 қыркүйекте Әзербайжан бір күндік әскери операцияның нәтижесінде танылмаған Таулы Қарабақ Республикасының Үкіметін капитуляциялауға мәжбүр еткен еді.  Ал Таулы Қарабақтың армян халқы қуғын-сүргіннен қорқып, үйлерін жаппай тастап кетті.

БҰҰ бағалауы бойынша, аймақта бірнеше апта ішінде онда тұратын 120 мың армянның мыңнан астамы қалған жоқ.

Ал Әзербайжан билігі тұрғындарды аймақта қалуға шақырды және Қарабақтың армян халқын қайта біріктіру туралы келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Пікірлер