Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Дәдебай Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған. Оның немен айналысатыны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақорданың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдегендей, Президент Дәдебайдың атқарған жұмысына жоғары баға беріп, алғысын білдірген.
«Алдағы уақытта Қазақстанда үлкен саяси кампания өткелі тұр. Осындай маңызды әрі жауапты кезеңде Айбек Дәдебай Президенттің жеке тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси бағыттағы жұмыстарды қолға алады», – деді Смадияров.
Осылайша, бұрынғы әкімшілік басшысы қоғамдық-саяси салада жаңа міндеттер атқаратын болады.
Айта кетейік, Айбек Дәдебайдың орнына Роман Скляр тағайындалған.
Ұқсас жаңалықтар
"Қосарланған билікке" құштарлық қатері жойылса да, Тоқаевтың президенттік билігі мен жеке басына төнген қауіп түбегейлі қайтқан жоқ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаржылық тәртіп пен әлеуметтік әділеттілікке бағытталған саясаты: экономист көзқарасы
