Ерболат Ыбырайханов ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" сайты үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерболат Мақсұтханұлы Ыбырайханов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Ыбырайханов тариф саясаты мен құрылыс мәселелерін қадағалайды.
Бүгінгі тағайындаудан бір жыл бұрын Ыбырайханов Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын. 2019-2022 жылдары – Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болды.
Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Нұржігітов 4 қыркүйекте Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Жамбыл облысының әкімі болған.