Франция НАТО-дан шыға ма?

258
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/f7if1COcjKQEHVrqHwKptFI27DGU3EpTsYrbXAiX.jpg

Франция парламенті вице-спикерлерінің бірі Клеманс Гетте АҚШ-тың сыртқы саясатына байланысты елдің НАТО-дан шығу мәселесін талқылауға шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ria-ға сілтеп.

Саясаткер Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ-ты бірқатар ауыр айыптаулармен сынға алды. Оның жазуынша, АҚШ «Венесуэлада мемлекет басшысын ұрлап әкетті», сондай-ақ «Палестинадағы геноцидке әскери қолдау көрсетіп отыр».

Сонымен қатар Гетте АҚШ-тың Гренландияға қатысты да қауіп төндіріп отырғанын, ал Дональд Трамптың басшылығымен «халықтарды бомбалап, халықаралық құқықты өрескел бұзып жатқанын» атап өтті.

«Бүгінде Францияның Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымына мүшелігі бұрынғыдан да өзекті мәселеге айналды. Бұл – АҚШ басқаратын және оның мүддесіне қызмет ететін әскери альянс. Мен НАТО-дан жоспарлы түрде шығу жөнінде, ең алдымен оның интеграцияланған қолбасшылық құрылымынан шығуды көздейтін резолюция ұсынамын», – деді Клеманс Гетте.

Айта кетейік, соңғы уақытта Еуропада АҚШ-тың сыртқы саясаты мен НАТО-ның рөліне қатысты сын күшейіп келеді.

Пікірлер