Президент сөзінен соң. Министр хиджаб мәселесіндегі бәтуа жайлы айтты

2194
Adyrna.kz Telegram
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хиджаб киіп жүрген оқушы қыздардың мектепке бармай жүргені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы КазТАГ сайтына сілтеме жасап.

Министр жаңа оқу жылы басталған кезде хиджаб киген оқушы қыздардың саны 150-ден де көп болғанын, олардың ата-анасымен түсіндіру жұмысы жүргізілгенін атап өтті.

   «Мектеп балалардың сапалы білім мен тәрбие алуға арналғанын жақсы білесіздер. Сондықтан ата-аналар түсініп, қабылдай бастады. Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілді. Мендегі ақпаратқа сәйкес, басқа өңірлерде орамал тағатын оқушылар жоқ», - деп жауап берді Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде мектептегі хиджаб мәселесі жайлы пікірін айтқан болатын.  Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да мектепте хиджаб киюге қатысты түсініктеме бергенін жазған едік.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер