Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтер съезінде білім беру мекемелеріндегі діндарлық мәселесін қозғады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс.
Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген.
Президенттің айтуынша, зайырлы сөзінің ауқымы кең.
«Жалпы зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды. Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз»,—деп түсіндірді Тоқаев.