Құмар ойын ойнайтындардың несие алуына тыйым салынбақ

1893
Adyrna.kz Telegram
фото: tolqyn.kz
фото: tolqyn.kz

Елімізде құмар ойынға әуес азаматтарға несие беруге тыйым салынады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, қаржы нарығын реттеу агенттігі құмар ойындарға арналған несиені шектемек. Бұдан былай заңда «құмар ойынға әуес» түсінігі пайда болады. Мұндай санатқа соңғы алты ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушыға 300 мың теңгеден астам сомаға кемі үш рет төлем жасаған адамдар жатқызылмақ. Қарыз алушының жиі ойнайтыны анықталса, мерзімі өткен несиесі немесе микрокредиті болса, ақша берілмейді.

Сонымен қатар бәс тігуге тәуелділерге 0,25 пайыз деңгейіндегі қарыз жүктемесінің ең жоғары мөлшері енгізіледі. Сол арқылы құмар ойындарға қатысу үшін қарыз беруді қатаңдату жоспарланып отыр.

Психологтардың пікірінше, ойынға әуестерге ешқандай шектеу тоқтам бола алмайды. Тіпті, қамап ұстасаң да, амалын табатынын айтады. Сондықтан білікті мамандардың көмегіне жүгініп, емделуі қажет.

«Көріп қойып, ақша салып қоя беремін деп мойындайтын болса, бұл – алғашқы қадам. Демек бұл тәуелділіктен айығуға әрі емделуге мүмкіндік бар. Егер ай сайын бір рет 300 мың салатын адамға оны бұғаттамаймыз деу мәселені шешпейді. Ол бәрібір басқа жолын табады», – деді психолог Жаннұр Дәуренбекова.

Сондай-ақ мемлекет шектеу шараларынан бөлек, психологиялық мәдениет пен сауаттылықты арттыруға күш салғаны жөн дейді. Айтуынша, бәс тігуге тәуелді кісі алдымен өзі үшін ойын құмар екенін мойындауы қажет.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер