Блогерлер салығы. 12 блогер 1,4 млрд теңге кірісіне есеп тапсырған

1383
Adyrna.kz Telegram
Фото: uptu.work
Фото: uptu.work

Блогерлер салығына қатысты шудан кейін, 12 блогер 1,4 млрд теңге кірісіне есеп тапсырған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, декларацияланған кірістен олар 73,6 млн теңге салық төледі.

Қазіргі кезде 854 блогерге «ескерту» жіберілген. Олар 71,9 млрд теңге сомасындағы кірісіне есеп тапсырылмаған. Блогерлер бұл ескертуге 30 жұмыс күні ішінде жауап беруі керек.

«Мемлекеттік кірістер комитеті кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шараларын жалғастырып жатыр. Осы шаралар барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі», – делінген Мемлекеттік кірісте комитетінің хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін кірістер комитеті 550-ге тарта блогердің 53 млрд теңгеден аса кірісін салық есебінде көрсетпегенін мәлімдеген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер