Армения Таулы Қарабақтың Әзербайжан жері екенін мойындады

2428
Adyrna.kz Telegram
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжанның жаңа шекараларын мойындады. Оған сәйкес Таулы Қарабақ Әзербайжанның құрамына кірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Тиісті құжатқа Гранададағы (Испания) Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммиті аясында қол қойылды.

Еуроодақ сайтында жарияланған декларацияға сәйкес, Әзірбайжанның аумағы қазір 86,6 мың шаршы метрді құрайды.

 «Тараптар барлық күш-жігерді Арменияның (29 800 шаршы км) және Әзербайжанның (86 600 шаршы км) егемендігін, шекараларының мызғымастығы мен аумақтық тұтастығын тануға негізделген екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға бағыттамақ», - делінген құжатта.

Пікірлер