Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырап, салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қайғылы оқиға 5 қазан күні болған.
«Кеген ауданы Саты ауылдық округі аумағында «Қайыңды-Саты» таулы автожолының 9-шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «УАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. Аталған деректі Кеген аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімі бойынша тіркеді. Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді»,—деп түсіндірді Бауыржан Әленов.Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақтарға "нацист, фашиссіңдер" деген Динара кафесі әлі дөрекілік көрсетіп жатыр" - Бэлла Орынбетова