Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады: бір адам қаза тапты

4010
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_4272.jpeg
Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырап, салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қайғылы оқиға 5 қазан күні болған.
«Кеген ауданы Саты ауылдық округі аумағында «Қайыңды-Саты» таулы автожолының 9-шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «УАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. Аталған деректі Кеген аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімі бойынша тіркеді. Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді»,—деп түсіндірді Бауыржан Әленов.
Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
댓글
기타 기사