Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен "көкек" ана табылды

1866
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде сәбиін шайханаға қалдырып кеткен ана ұсталды, деп хабарлайды "Адырна". 

29 қыркүйек күні жедел басқару орталығының «102» нөміріне Орталық базар маңындағы шайханадан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келген. Ювеналды полиция қызметкерлері баланы қаладағы сәбилер үйіне жеткізді.

Полицейлер сәбидің анасын іздестіріп, "көкек" ананы тапқан. Баласын тастаған 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын келіншек бөлімшеге жеткізілді.

«Әйелдің айтуынша, таныстарын кездестіріп, артынша олармен алкогольді ішімдік ішкен.Азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық есепке қойылды», - деді полиция хабарламасында.

Пікірлер