Ақтөбеде салынып жатқан нысандардың бірінен баланың денесі табылды

4439
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/b879976f-f9af-433f-9898-55ed2673798a.jpeg
Ақтөбеде салынып жатқан нысандардың бірінен баланың денесі табылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 9 маусымда Есет батыр тұрғын алабының №3 шағынауданы аумағында салынып жатқан нысандардың бірінен 12 жастағы баланың денесі табылған.
"Қан жоғалту, бас, денесінің жоғары және төменгі бөлігіндегі жарақат" түрінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың денесі табылды, қылмыстық іс тіркелді. Алдын-ала мәлімет бойынша, балаға жануар шабуылдаған болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
“Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер