Әлеуметтік желілерде ақтөбелік депутаттың беташардағы әрекетті жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кадрларда Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты әрі кәсіпкер Аслан Қайырғалиевтің беташарда 4 миллион теңге көлеміндегі ақша бергені байқалады. Бұл жайт желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды.
Желіде тараған сын-пікірлерден кейін депутат өз парақшасында бейнеүндеу жариялап, жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, аталған той бала күннен бірге өскен жақын досының қуанышы болған. Ал видеода көрсетілген ақша оның жеке қаражаты емес, достарының атынан жиналған сыйлық.
«Мен бұл тойда жігіт жолдас болдым. Сыйлықты барша достардың атынан табыстадым. Ақшаны санау сәті сырт көзге оғаш көрінуі мүмкін екенін енді түсініп отырмын. Мұнда мақтану немесе назар аударту ниеті болған жоқ. Бұл тек жақын досымның қуанышындағы эмоциялық сәт еді», – деді ол.
