Түркия астанасы Анкарада жарылыс болды

2120
Adyrna.kz Telegram
Түркия ішкі істер министрлігінің Анкарадағы бас қауіпсіздік басқармасының қақпасының алдында екі лаңкес жарылыс жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая растады.
Анкара орталығындағы Түркия Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында жарылыс болды. Оқиға орнына президенттің күзет қызметінің қызметшілері келіп жеткен.
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:30-да болды. Полицияның екі қызметкері жеңіл жарақат алған.
"Жеңіл коммерциялық көлік мінген екі лаңкес ішкі істер министрлігінің бас қауіпсіздік басқармасына кіретін қақпаға келіп, жарылыс ұйымдастырған. Біреуі өзін-өзі жарып жіберді. Екінші лаңкестің көзі жойылды. Атыс кезінде екі қызметкеріміз жеңіл жарақат алды", - деп жазды Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сол маңда қозғалысты шектеу мақсатында көлік жолдары жабылды. Жарылыс Түркия астанасының шалғай жатқан аудандарында да естілген болып шықты.

 

Пікірлер