Таулы Қарабақ. Баку ресейлік әскерлердің қазасы үшін кешірім сұрады

1756
Adyrna.kz Telegram
Фото: mentoday.ru
Фото: mentoday.ru

Әзірбайжан президенті ресейлік әріптесіне Қарабақтағы ресейлік әскерилердің өліміне кінәлілердің барлығы «тиісті жазасын алатынын» айтып, қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұл туралы Кремль мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

21 қыркүйекте Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Путинге телефон шалып, Таулы Қарабақ аумағында ресейлік әскери қызметкерлердің қазасы үшін кешірім сұрады, - делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Хабарлама бойынша, Әзербайжан басшысы "бұл жағдай барынша мұқият тексеріліп, барлық кінәлілер тиісті жазасын алатынын" айтты. Екі елдің бас прокуратуралары тығыз байланыста. Әлиев қаза болғандардың отбасына қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Путин мен Әлиев Қарабақтағы соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру маңызды екенін атап өтті.

Ресей президенті "Қарабақтағы армян халқының құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды екенін" баса айтты, Баку бұл мәселелер бойынша ресейлік бітімгершілік күштерімен өзара әрекеттесуге дайын екендігін жеткізді.

Бұған дейін Әзербайжан мен Армения делегациялары Әзербайжанның Евлах қаласында кездесті. Тараптар реинтеграция мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта терроризмге қарсы шаралар басталғанын хабарлаған еді.

Пікірлер