"Халқымнан көмек сұраймын". Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаев ауыр дертке шалдыққанын айтты

5737
Adyrna.kz Telegram

Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаев ауыр дертке шалдыққанын айтып, халқынан қол ұшын созуын сұрады, деп жазады "Адырна" тілшісі. 

Рамазан Елібаев (1947 жылы дүниеге келген) — белгілі қазақ әншісі және композиторы, «Нұрекем», «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пая» әндерінің авторы және орындаушысы. «Көздер» -ай», «Жас ұлан», «Балалық қайран бал шағым», «Көңіл күйі» т.б. «Гүлдер» ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Кезінде қазақ сахнасының саңлағына айналған әртіс қазір 15 жылдан аса уақыт өнер әлемінен алыстап кетті. Оған жалғыз себеп арпалысып келе жатқан 3-дәрежелі "паркинсон" дерті.

Рамазан мырзаның айтуынша, дерт ағзаны дендеп барады. Әлі күнге дейін уақытша дәрінің күшімен келе жатқан ол, оларды ішпесе мүлдем қозғала алмай, қол-аяқтары дірілдеп-қалшылдап кететінін, тамақ іше алмай қақала-шашала беретінін айтты.

Осы уақытқа дейін екі рет өлім аузынан қалған композитор, аурудан айығудың жалғыз жолы - миға арнайы ота жасату деді ол.

"Бұл отаны көбісі жасыма байланысты және Альцгеймердің барына байланысты жасаудан бас тартады, дәрі ішіп жүреберіңіз дейді. Бірақ ағайын түріктер арнайы консультация нәтижесінде маған осы отаны жасауға дайын, құны 29000$, жолмен, консультациялар, бар анализдармен қоса 15 млн теңге қаражат қажет. Ондай сомма біздің жанұя үшін қолжетімсіз сома. "Үмітсіз шайтан" демекші, әрине денсаулығымды реттегім келеді. Әлі де сау адамдардың қатарында жүріп, творчествомды жалғастырғым келеді. Не істерімді білмегендіктен, осы өзімнің жанашыр, иманы берік, жомарт, қиын-қыстау кезінде көмек, демеу беретін халқымнан көмек сұрап отырмын. Әр көмектескен адамға сауабынан жазсын" деп бөлісті ол "Адырна" тілшісіне.

Рамазан Елібаевтың аяққа нық тұрып, елі үшін қайтадан шығармашылықты қолына алып шауып кетуіне небәрі 15 миллион қаражат қажет. Композитор халықтан көмек сұрайды. Төмендегі реквизиттер арқылы науқас жанға өз көмегіңізді бере аласыз:

Пікірлер