Қуғын-сүргін ісі. 311 мың адам ақталды, 2,4 млн құжат мемлекеттік құпия қатарынан шығарылды

1755
Adyrna.kz Telegram
Фото: el.kz
Фото: el.kz

Қазақстанда 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары мемлекеттік құпия қатарынан шығарылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.

265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі.

311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды, - делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, 2020 жылғы 24 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Комиссияның 2020 жылғы 3 желтоқсандағы бірінші отырысында оның төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев комиссияның негізгі міндеті «Кеңес саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттары үшін тарихи әділеттілікті қалпына келтіру кезеңі» деп мәлімдеді.

2023 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Тоқаевқа саяси қуғын-сүргін құрбандарының тарихына арналған 31 томдық құжаттар мен материалдарды табыс етті.

Пікірлер