Желтоқсаншы Мақпал Орынбетова өз құқығын қорғап, саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылды. Бұл туралы ол фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының қорытындысы бойынша, Мақпал Орынбетова 1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған саяси оқиғаға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылды.