Қарға тамырлы қазақ. Кең қолтық Иран қазақтары көпшіліктің жүрегін елжіретті

3010
Adyrna.kz Telegram

Журналист Марфуға Шапиян Ирандағы қазақтармен тілдесіп, алыстағы ағайынның тыныс-тіршілігі жайлы баяндады.  Шеттегі қазақтың ыстық ықыласы, іңкәр көңілі көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Журналист әлеуметтік желіде Теһран қаласы маңындағы Иран қазақтары тұратын, Каспий теңізіне жақын орналасқан Горган қаласына барғанын жазды. Жат мекенде жүрген қазақтармен тілдесіп, ұлттық болмысынан ажырамаған айрықша қалпын суреттеді.

- Иранда қазақ әйелдерін ақ жаулығынан танисың. Бәрінің жүзінен нұры, тілінен алғысы, тілегі төгіліп тұр, - деп жазды журналист.

Орайы келгенде айта кетейік, Иран қазақтарының саны нақты айтылмайды. Ал Иран халқының саны 80 миллионға жетеғабыл деп есептеледі. Иран қазақтары Гүлстан провинциясындағы Горган, Бәндар-Түркімен, Гунбад-и Кабус және Аққала қалаларында шоғырланған. Иранның Горган қаласында тұратын қазақ азаматы Жафар Шадкам мұндағы қазақтардың беташар, қыз ұзату, құда күту, орамал тойы секілді салттарын жоғалтпай, берік ұстанатынын айтқан еді. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер