Танымал әнші Димаш Құдайберген көшпенділер ойынын концертімен қорытындылайды

859
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынын ерекше қорытындыламақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Астана төрінде Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді. Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтбаева жазды.

"Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар", - деп жазды ол.

Пікірлер