Алматыда республикалық жыршы-термешілердің фестивалі өтті

1314
Adyrna.kz Telegram
almaty.tv
almaty.tv

Театрда қолөнер туындыларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Алматыда қала күні қарсаңында жыршы-термешілердің фестивалі өтті. Республикалық фестивальге еліміздің өзге өңірінен келген өнер иелері қатысты.

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». Алатау дәстүрлі өнер театрында өнерпаздар құлақтың құрышын қандырып, делебені қоздыратын, бабадан жеткен жырларды шырқап, тереңге баулитын термелерді орындады.

– Біз үшін жыр-терменің ел ішінде кеңінен насихатталуы, жұрттың жадында сақталуы және келешек ұрпаққа жетуі маңызды. Бұл – қазаққа ғана тән өнер емес, жалпы түркі халқына ортақ, әлем мойындаған мұра, – деді жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова.

Ұлттық құндылықты дәріптеген кеште Сыр елі мен Жетісудан, Батыс пен елордадан келген мықтылар да өнер көрсетті. Бәрі – шетінен шебер, тыңдарманның көңілін дөп басқан шайыр ақындар.

– Іс-шара қала күніне орай ұйымдастырылып жатыр. Кеш ұрпақ сабақтастығымен ерекшеленіп отыр. Сахнада ағалармен бірге жас жыршылар да өнер көрсетіп жатыр, – деді жыршы, әнші Шаттық Уатқан.

Кешке келген көрермен де көп. Сондай-ақ театрда жәрмеңке ұйымдастырылды. Келушілер қолөнер туындыларымен танысты.

 

Ақпарат: «Алматы» телеарнасы  

Пікірлер