Президентке шабуыл жасалды

18566
Adyrna.kz Telegram

Колумбия президенті Иван Дуке отырған тікұшаққа белгісіз біреулер оқ атқан. Мемлекет басшысы зардап шекпегені туралы хабарланды. 

"Президент Иван Дуке отырған тікұшаққа Сардината муниципалитетінен (Солтүстік Сантандер департаменті) ұшып шыққан кезде шабуылжасалған. Тікұшаққа алты оқ атылғаны анықталды.  Ұшқыштар мен экипаждың жоғары тәжірибесінің арқасында тікұшақ шабуылдан жалтарып үлгерген", - деп хабарлайды Noticias Caracol телеарнасы.

Президентпен бірге тікұшақта қорғаныс министрі, ішкі істер министрлігінің бастығы, департаменттің губернаторы және Кукута мэрі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, президент пен оның жанында болғандар зардап шекпеген. Колумбия президенті оның тікұшағына шабуыл жасалғанын растады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер