Тәжікстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

2620
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/15af0870-6f50-4c0e-9f7c-b9ad55a2e8be.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Сапар барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылмақ. Одан бөлек, екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.  
Comments