Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан депутаттары ең көп жалақы алады, ал Өзбекстан депутаттары ең аз жалақы алады. Бұл Asia-Plus агенттігінің зерттеулерінен белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазақстандық депутаттардың жалақысы 2050 АҚШ долларына (900 мың теңгеден жоғары) тең екені атап өтілді. Тәжікстан депутаттары – 688 доллар (300 мың теңге), Қырғызстан депутаттары – 500 доллар (223 мың теңге). Соңғы орында Өзбекстан депутаттары 380 доллар (170 мың теңге) жалақымен тұр. Түркіменстан туралы ақпарат берілмеді.
Депутаттардың жалақысы да ең төменгі жалақымен салыстырылды. Қырғыз депутаттарының жалақысы елде қабылданған ең төменгі жалақыдан 30 есе жоғары екені атап өтілсе, Қазақстандық депутаттар 25 есе, Тәжікстан депутаттары 12,5 есе жоғары.
Дереккөз ұсынған қосымша ақпаратқа сәйкес, Беларусь депутаттары 950 доллар (423 мың теңге), Ұлыбритания депутаттары 5 950 доллар (2,6 миллион теңге), ресейлік депутаттар 6 850 доллар (3 миллион теңге), Еуропарламент депутаттары 7 500 доллар (3,3 миллион теңге) жалақы алады.