Шекара жайы қозғалмақ. Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді

2977
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-10-at-15.55.43-960x500.jpeg?token=34e4f15816a521c68c1b4764d9d4f3c9

Алматыда Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері кездеседі. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескенде мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәліметке сәйкес, Әлиев пен Блинкен 28 сәуірде сөйлесті. Осы уақытқа дейін екі елдің комиссиялары бірнеше рет талқылау өткізді. Соның нәтижесінде Әзербайжан мен Армения шекараны делимитациялау бойынша келісімге келді.

"Мемлекет басшысы қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері жақын арада Алматыда кездесетінін де хабарлады. Сол жерде бейбіт келісімге қатысты келіссөз жалғасады", - делінген ресми хабарламада.

Пікірлер