«Казселезащита» сел тасқыны салдарынан Талғар бөгетінің бөрене ұстағышын сел шайып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Пятый регионға сілтеме жасап.
22 шілде күні сағат 00:30-да болған сел тасқыны салдарынан Талғар бөгетінің оң жағындағы бөрене ұстағышында су шайылды. Ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі шамамен 20 текше метр жыра қалыпқа келтірілді, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Талғар өзенінің қауіпті учаскелеріне бақылау бекеттері орнатылды. Сел қаупі бар аймақтан 150-ге жуық адам эвакуацияланды.
Айта кетейік, 21 шілдеде таулы аймақтарда жауған жауын-шашын салдарынан Талғар өзенінде су деңгейі айтарлықтай көтерілген. Демалушылар эвакуацияланған.
Пятый регион атап өткендей, әзірге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те, оның орынбасарлары да облыс тұрғындарына төтенше жағдайға қатысты үндеу жасаған жоқ.