Скандинавияның байырғы эпостары мен қиссаларында Аттиланың да ізі жатыр

8013
Adyrna.kz Telegram

Профессор, академик Әділ Ахметовтың «Викингдердің ізімен» (Ғылыми гипотезалық туынды) кітабының «Байырғы викингдердің руникалық әліппесі мен ескі түркі руникалық әліппесінің түпкі сыры» деп аталатын бөлімі бұдан алдын оқырман назарына ұсынылған. Осы кітаптан үзінді жариялауды одан әрі жалғастырамыз. Бірге оқиық.

Әлемнің әмбебап энциклопедияларына [1] көз жүгіртсек, б.з.
374 жылы Еуропадағы Батыс Ғұн имериясының негізін қалаған
Баламер (Балаәмір) болған. Ғұндар 395 жылы оңтүстік Кавказдағы
парсылардың жеріне басып кірген. Көп ұзамай, билік Харатонның
қолына көшкен. Харатонның Ақтар, Руас, Айарыс және Мыңжық
деген ұлдары болған. Сол ұлдардың кенжесі Аттила - Мыңжықтың
ұрпағы. Аттила империя билігіне Руастың қайтыс болуымен
байланысты, шамамен 40 жасында келен сыңайлы. Ғұн имприясы
45-50 шақты халықтың басын біріктірген. Орта ғасыр
жазушыларынан қалған энциклопедиялық ақпаратқа қарағанда,
Аттила қолбасшылық еткен Ғұн империясы 445-43 жылдар
аралығында Солтүстік Италияға басып
кіріп, По өзенінің солтүстігіндегі көптеген қалаларды қиратқан,
сондай-ақ Германия мен Францияны да қоса бағындырып, тіпті Рим
империясының өзіне де қауіп төндіріп қоймай, Батыс Рим
империясының территориясына да иелік еткен. Сондықтан да болар,
Аттилаға Рим империясы салық төлеп тұрған.

Рим Папасының хатшысы Проспердің жазбаларына қарағанда,
Папа Лев Римнің Авиена және Триетия секілді әйгілі тұлғаларымен
бірге Ғұн императоры Аттиланың алдына келіп, одан Италияны
жайына қалдыруды өтінген. Аттила Папаның делегациясына ізет
көрсетіп, бейбіт келісімге келгеннен кейін Дунайға оралған. 454
жылы Аттила қайтыс болғаннан кейін Батыс Ғұн имперясы
ыдырып, герман тайпалары ғұндардан бөлініп кетеді. Сөйтіп,
бұрынғы үлкен империя құрамында тек қана түркітілдес тайпалар
ғана қалады.

Қалай дегенмен де, Ғұн империясының көшбасшысы Аттила
адамзат өркениеті мен тарихында өшпес із қалдырған тұлға екенін
ешкім де жоққа шығара алмайды. Өйткені Еуропа аймағында
Аттила күні бүгінге дейін Рим импеаторлары Юлий Цезарь немсе
Александр Македонский секілді ұлы императорлардан кем
саналмайды. Аттила туралы айтылған бұл түйіннің айқын дәлелін
кез келген оқырман байырғы скандинавиялық викингдер дәуірінде
исланд тілінде жазылған екі кітаптан тұратын фольклорлық “Эдда”
эпосынан да таба алады. XIII ғасырда жарық көрген аталмыш эпос
тек исландиялық туынды ғана емес, сонымен қатар ол
жалпыгермандық әдеби мұраға жатады. Эдданың алғашқы кітабы

проза үлгісінде жазылса, соңғысы поэтикалық жанрда жазылған.
Сондықтан да бірінші кітап - “Кіші Эдда”, ал екіншісі “Үлкен
Эдда” деп аталып кеткен. Дей тұрғанмен, поэтикалық жанрдағы
“Үлкен Эдда” бұл күнде түпкі тегі ортақ герман тобындағы барлық
халықтардың ортақ мифологиясының бүге-шігесін қамтитын
бірегей дереккөзі болып табылады [2].
Осы тұста ‘байырғы исландиялық викингдердің Эдда
эпосынан немесе байырғы герман қиссалары мен Ватикан
жазбаларынан Аттилаға қалайша орын берілген?’деген сұрақтың
туатыны заңды деп ойлаймын. Сосын, бұл сұрақтың
оқырмандардың да көкейінде тұруы әбден мүмкін. Дей тұрғанмен,
тереңірек үңіліп бажайласақ, бұл риторикалық сұрақтың жауабы
осыған дейін біздер ұсынған күллі материалдың ішінде тұрғанына
анық көз жеткізуге болады. Өйткені ол материалдардың ішінде
тарихи, археологиялық, генетикалық, ДНК-генеаологиялық,
лингвистикалық (этимологиялық, және руникалық) және шетел
ғалымдарының еңбектерінде атап өтілгендей, викигдердің арғы
тегінің байырғы Скифиядан немесе бүгінгі Қазақстан
территориясынан тамыр алатындығы анық көрсетілген.
Ғұндардың қолбасшысы Аттила туралы аңыздың енді бірі -
Аттиланың тағы туралы әпсана. Бұл әпсананың нақты дәлелі
Италияның солтүстігіндегі Венеция маңындағы теңіз суының таяз
жерінде орналасқан Торчелло аралында да кездеседі.

Сонымен қатар, Ғұн империясы мен Аттила туралы тұшымды дерек көздерін
Ресейдегі Жданов атындағы Ленинград университетінің 1951 жылы
жарыққа шығарған тарих ғылымының докторы А.Н. Берштамның
«Очерк истории гуннов» («Ғұндар тарихының очеркі»] [3] атты
туындысынан да табуға болады.

Алайда жоғарыдағы дерек көздері Ғұн империясы мен оның
атағы жер жарған императоры Аттила туралы жарық көрген
дүниелер тек осылармен ғана шектеледі дегенді білдірмейді.
Мұның нақты дәлелі ретінде төменде келтірілген сілтемелерді
көрсетсек те жеткілікті деген ойдамыз. Өйткені олардың ішінде
әлемнің әртүрлі тілдерінде жарық көрген әдеби туындылар да,
музыкалық шығармалар да, көркем немесе документалды немесе
мультфильмдер де, видеоойындар да жетіп артылады.

Аттилаға арналған әдеби шығармалар:

Данте сделал Аттилу одним из персонажей своей «Божественной
комедии» (1321), назвав его «бичом земли».

Геза Гардони, исторический роман «Невидимый человек» / «A
láthatatlan ember» (1901).
Евгений Замятин, роман «Бич Божий», 1935.
Дмитрий Кедрин, поэма «Свадьба», 1940.
Луи де Вол. «Аттила». М.: Эксмо, 1996.
Соловьев Анатолий. «Аттила: Сокровища Аттилы». Исторический
роман. М., 1997.
Бувье-Ажан М. «Аттила — Бич Божий» (серия ЖЗЛ), М., 2003.
Эдвард Хаттон. «Аттила. Предводитель гуннов». М., 2005. (Nomen
est omen).
Иван Билык. «Меч Арея». Роман. Киев, 2005.
Дитрих Уильям. «Бич божий». Исторический роман. М., 2008.
Уильям Нэйпир. «Аттила» (Человек или демон). М., 2008.
Michael Curtis Ford. «The sword of Attila», St. Martin’s Press, 2006.
Christopher Kelly. «Attila the Hun: Barbarian Terror and the Fall of the
Roman Empire», Bodley Head, 2008.

Музыкалық шығармалар:

«Аттила» (1846) — опера итальянского композитора Джузеппе
Верди.
«Attila» (2004) — песня из альбома «The Glorious Burden»
американской хэви-метал группы Iced Earth.
«Аттила» (2007) — песня из альбома «Жатва» Дмитрия Ревякина.
«Аттила» (2011) — песня из альбома «Феникс» российской хэви-
метал группы «Ария».
«Attila» (2011) — дебютный альбом казахской этнической хэви-
метал группы «Алдаспан».
«Attila» (с 2005 — н.в.) — дэткор-группа из Атланты.

Көркем фильмдер:

«Нибелунги: Месть Кримхильды» / «Die Nibelungen: Kriemhilds
Rache» (Ве́ймарская республика; 1924) режиссёр Фриц Ланг, в роли
Короля Аттилы — Рудольф Кляйн-Рогге.
«Аттила» (Италия-Франция, 1954). В роли Аттилы — Энтони
Куинн (наст. имя — Антонио Оахака).
«Знак язычника» (США, 1954). В роли Аттилы — Джек
Пэланс (наст. имя — Владимир Иванович Палагнюк).

«Нибелунги: Месть Кримхильды» / «Die Nibelungen, Teil 2 —
Kriemhilds Rache» (ФРГ, Югославия; 1967) режиссёр Харальд
Райнль, в роли Короля Аттилы — Херберт Лом.
«Техника и ритуал [it] » (Италия, 1972). Режиссёр — Миклош Янчо. В
роли Аттилы — Йожеф Мадараш.
«Аттила-завоеватель» (2001) — мини-сериал, в роли
Аттилы — Джерард Батлер.
Аттила (оживший экспонат Музея естественной истории Нью-
Йорка) также является одним из героев фильмов «Ночь в музее»,
«Ночь в музее 2» и «Ночь в музее 3». Его роль исполнил Патрик
Галлахер.

Документалдық фильмдер:

Тайны древности. Варвары. Часть 3. Гунны (США; 2003).
Аттиле посвящён 45-минутный фильм BBC в цикле «Великие
воины [en] ». Роль Аттилы исполнил актёр Рори Макканн.
Во второй серии второго сезона передачи Непобедимый воин,
сравнивают оружие и тактику Атиллы и Александра Македонского.

Мультфильмдер:

Аттила в виде зомби появляется в мультсериале «Маска» (The
Mask: The Animated Series [en] , 1995) в 13 серии первого сезона (All
Hallow’s Eve). По сюжету серии выясняется, что Маска Локи когда-
то принадлежала Аттиле.

Компьютерлік ойындар:

Аттила появляется в дополнении к компьютерной игре Age of
Empires II, The Conquerors, где есть посвящённая ему кампания, а
также в переизданиях игры, Age of Empires II HD и Age of Empires
II: Definitive Edition.

Аттила появляется и в игре Sid Meier’s Civilization V, как один из
доступных лидеров.
Аттила является центральным персонажем в игре Total War: Attila.
До его рождения фракцию гуннов невозможно уничтожить, а для её
разгрома необходимо трижды одержать победу над самим Аттилой.
Аттила — один из основных персонажей игры Fate/Extella: The
Umbral Star.

Сілтеме жасалған дерек көздері:

1.The Encyclopedia Britannica; Большая Советская
Энциклопедия (БСЭ);
Wikipedia және Википедия еркін энцклопедиялары.
2. Edda Icelandic Literature written by the Editors of
Encyclopedia Britannica. See Article History.
3. Бернштам А.Н. «Очерк истории гуннов».

 

Әділ Ахметов

(жалғасы бар)

 

 

 

 

 

Пікірлер