Халықаралық карикатура байқауында қазақстандық суретші жүлделі болды

664
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yj0iubXCbakc90Ng7MNpkME6KMazpMz91QV20rOQ.jpg

Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Адам құқықтары қауымдастығы (İHD) қалалық бөлімшесінің мәдениет және өнер комиссиясы ұйымдастырған «Юмор күші арқылы бейбітшілік!» ұранымен өткен 2-ші халықаралық карикатура байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биыл «Бейбітшілік» тақырыбына арналған байқауға әлемнің 45 елінен 196 қатысушыдан 804 жұмыс қабылданды. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі жас суретшілер 93 жұмыс жіберген. Осыған байланысты қазылар алқасы үш арнайы жүлде тағайындады.

Ал Түркия түрмелеріне арналған арнайы номинацияға және «Адам қадір-қасиеті» жүлдесіне өтінімдер келіп түспеді.

Байқау қорытындысы бойынша екінші орынды Қазақстанның суретшісі Ғалым Боранбаев жеңіп алды.

Бірінші орынды ирандық Мухаммед Хусеин Акбари иеленсе, үшінші орынды Болгарияның суретшісі Ивало Тсетков алды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, жеңімпаздардың толық жұмыстары мен жасөспірімдер санатының нәтижелері жақын уақытта жарияланады.

Пікірлер