Атырау облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында Chevrolet Cobalt пен Toyota Ipsum көліктерінің бетпе-бет соқтығысты. Салдарынан жеті адам қаза тапқан.
Жол апаты шілденің 16-сы күні сағат 15:00 шамасында болған. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолының 82-ші шақырымында «Шевроле Кобалт» пен «Тойота Ипсум» бетпе-бет соқтығысқан.
Жауапты департамент қаза тапқан екі жүргізуші де жылдамдықты асырғаны үшін бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айтады.