Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

1549
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Нұрлыбек Жеңісбекұлы тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Облыс әкімі Серік Шәпкенов  аппарат ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Айта кетейік, Нұрлыбек Жеңісбекұлы 1988 жылы туған. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетін бітірген. Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясынан халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары облыстық және республикалық телеарналарда редактор, сарапшы қызметін атқарған. 2013-2017 жылдар аралығында Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі болған.

2017 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы, 2018 жылы Энергетика министрлігі Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары, 2020-2022 жылдары аралығында Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2022 жылдың ақпан айынан осы тағайындауға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Пікірлер