Ақтөбе облысында ірі жол-көлік оқиғасының салдарынан бір отбасы қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеп.
Ақтөбеде төрт көлік соқтығысып, ірі жол апаты орын алды. Салдарынан үш адам – бір отбасы қаза тапты.
"Диапазон" басылымының мәліметінше, 13 қаңтар күні Ақтөбе-Астрахань тасжолының 205-шақырымында Mitsubishi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Полиция департаменті қайтыс болғандардың бір отбасының адамдары екенін айтады.
"Бір отбасының мүшелері – отағасы, ұлы мен анасы", – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.