Шымкентте жаңа спорт кешені іске қосылды

940
Adyrna.kz Telegram

Бозарық -3 шағынауданында орналасқан спорт кешені ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебіне тиесілі. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов, Италияның Генуя қаласынан келген қонақтар мен Бахадыр Нарымбетов бастаған қала мәслихатының депутаттары қатысты.

Жаңа спорт ғимаратында 10-16 жас аралығындағы 1000-ға жуық оқушы спорттың 7 түрінен жаттыға алады. Ашылған сәттен бастап 500-ге жуық бала спортпен ауыр атлетика түрлеріне жазылып үлгеріпті. Бұл жердегі барлық зал заман талабына сай жабдықталған. Ғимараттың бірінші қабатында ауыр атлетика залы, киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медициналық кабинеті бар. Ал, екінші қабатында күрес, грек-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі секілді әмбебап залдар орналасқан.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Нұрғиса Әділетұлы осындай залдар елімізде сирек екенін айтып, қала әкіміне алғысын жеткізді.

–Спортшыларға барлық жағдай қарастырылған залдар елімізде өте сирек. Шымкент қаласынан ауыр атлетикаға арналған, замануи спорт кешені ашылғанына өте қуаныштымыз. Бұл елді мекенде де еліміздің туын көкке көтерер әлем чемпиондары шығады деп үміттенеміз, - деді Азия чемпионы.

Пікірлер